Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген криптовалюта өндірушілері анықтала бастады

32 Просмотры
Издатель
Елімізде электр желілеріне жасырын қосылып, заңсыз жұмыс істеген криптовалюта өндірушілері анықталып жатыр. Энергетика министрілігінің мәлімдеуінше, қазірге дейін көлеңкелі бизнеспен айналысқан 13 майнинг ферма белгілі болған.
Солардың бірі Нұр-Сұлтан қаласынан анықталған. Жасырын майнинг фермасы "Кегок" компаниясының "Ақмола ЖЭТ" филиалы арқылы электр энергиясын пайдаланып келген. Алайда ферма өз қызметі жөнінде уәкілетті орындарға хабарлама бермеген дейді Энергетика министрлігіндегілер. Сонымен қоса министрлік сұр майнингтерді анықтау үшін рейдтік жұмыстар әлі жалғасатынын айтады. Ал заңды криптовалюта өндірушілерге электр энергиясы әлі де шектеулі уақытпен беріліп жатыр.
ӘСЕТ МАҒАУОВ, ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі:
– Елімізде электр энергиясының тапшылығы туындап отырғанын білесіздер. Сол үшін бірінші кезекте сұр майнингтерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір 13 майнингтік компания электр энергиясынан ажыратылды. Олар электр энергиясын рұқсатсыз пайдаланған.





Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#энергия #криптовалюта #майнинг
Категория
Криптовалюта
Комментариев нет.